YoVDO

Шығармашылық құралдар жинағы I: перспективаларды өзгерту

Offered By: University of Illinois at Urbana-Champaign via Coursera

Tags

Entrepreneurship Courses Innovation Courses Creative Thinking Courses Motivation Courses Team Management Courses

Course Description

Overview

Жаңашылдық үшін бір нәрсені тезірек және жақсырақ ойлау және жасау жеткіліксіз; бізге шығармашылық керек. Бақытымызға орай, шығармашылық – бұл үйренуге болатын дағды. Бұл курс шығармашылық процестің тиімдірек өтуі үшін қашан, неге және қалай шығармашылықпен айналысуға болатынын зерттейді. Жаңа мүмкіндіктер мен шешімдерді көру үшін өз көзқарасыңызды өзгертуге мүмкіндік беретін нақты қадамдарды үйретеді. Шығармашылық процестен не күтуге болатынын түсіндіреді және прогресті қалай сақтап тұруға болатынын көрсетеді. Сондай-ақ шығармашылықты қолдау мәдениетін қалыптастыру бойынша нұсқаулық береді. Нәтижесінде жаңа мүмкіндіктерді тану және дамыту үшін өзіңіздің, ұжымыңыздың және ұйымдарыңыздың шығармашылық қабілетін арттыру мүмкіндігіне қол жеткізесіз.

Сіз істей аласыз:
- Сіз шығармашыл болу үшін және инновациялық процестерін іске қосу мүмкіндіктерін тудыруға бейімделесіз.
- Шығармашылық процеске мақсатты әрі сенімді түрде кіру және оны жалғастыру.
- асқалардың шығармашылығын жігерлендіру және қолдау.

Бұл курс Гис Бизнес колледжі (Gies College of Business) iMBA (халықаралық бизнесті басқару магистрі) және iMSM (халықаралық менеджент магистрі) бағдарламаларын қоса алғанда, онлайн бағдарламалар жиынтығының бөлігі болып табылады. Бұл бағдарламаларға жазылу жайлы, сондай-ақ дәреже алу бағдарламасына қабылданған жағдайда, Курсерадағы (Coursera) жұмысыңызды қалай пайдалануға болатыны жайлы мына жерден біле аласыз: https://degrees.giesbusiness.illinois.edu/idegrees/

Syllabus

  • Курстың бағыты
    • Осылайша, сіз курспен, курстастарыңызбен және оқу ортасымен танысасыз. Таныстыру бөлімі сондай-ақ курсқа керек техникалық дағдыны үйренуге көмектеседі.
  • 1-модуль: Креативті болу
    • Бұл модульде сіз шығармашылық неліктен маңызды екенін, шығармашылық деген не екенін және шығармашылықты қалай бастау керектігін білесіз.
  • 2-модуль: Бастапқы материалдар мен түпкілікті өнім
    • Бұл модульде сіз жаңа нәтижелерге қол жеткізу мақсатымен ойыңызды өзгертуді қарастыру үшін қазіргі сәттегі ойларымызды бөлшектеу жолын үйренесіз.
  • 3-модуль: Шығармашылық саяхат
    • Бұл модульде сіз шығармашылықтың көңілді, ішкі мотивациялық әсері бар, тіпті еркіндікке баулитынын көресіз. Сіз сондай-ақ ұйымыңыздағы қызметкерлеріңіздің де процесті жалғастыру жолдарын табуына мүмкіндік беретіндей етіп басқаруды үйренесіз.
  • 4-модуль. Шығармашылықты қолдау
    • Біз өзіміз шығармашылықпен айналысқымыз келеді, сонымен қатар біз басқалардың шығармашылығын қолдағымыз келеді. Бұл модульде біз өз топтарымыз бен ұйымдарымызда шығармашылықты қалай дамытуға болатынын қарастырамыз. Қалыптасқан мәдениеттеріміздің өзіне тиесілі адамдардың шығармашылық мотивациясын қолдап, онымен айналысуға мүмкіндік бере отырып, шығармашылықты қалай қолдайтынын зерттейміз. Біз кері байланысты қамтамасыз ету, сыйақыларды беру, ресурстарды басқару және шектеулерді айқындау төңірегіндегі негізгі тапсырмалардың шығармашылыққа кедергі келтірмей, керісінше қалай ынталандыратынын қарастырамыз. Біз сондай-ақ контексттің рөлін және біз жұмыс істейтін ортаның шығармашылықты қалай қабылдайтынын немесе кабылдамайтынын қарастырамыз. Біздің әрекеттеріміз бен көшбасшылығымыз арқылы біз ашықтықты, автономияны және ойын экспериментін дамыта аламыз, осылайша өз топтарымыз бен ұйымдарымыздағы шығармашылықты қолдай аламыз.

Taught by

Jack Goncalo

Tags

Related Courses

A Crash Course on Creativity
Stanford University via NovoEd
Desarrollo rápido de productos innovadores para mercados emergentes
Tecnológico de Monterrey via Coursera
DQ 101: Introduction to Decision Quality
Strategic Decisions Group via NovoEd
Decision Skills: Power Tools to Build Your Life
Decision Education Foundation via NovoEd
Le clarificateur : comprendre les mécanismes de la créativité
IONIS via IONIS